Accessibility links

Германия: Мюнхендегі шабуылдаушының күдікті серігі ұсталды


Мюнхендегі 22 шілдеде атыс болған сауда үйінің алдына тұрғындар гүл қойып жатыр. Германия, 24 шілде 2016 жыл.
Мюнхендегі 22 шілдеде атыс болған сауда үйінің алдына тұрғындар гүл қойып жатыр. Германия, 24 шілде 2016 жыл.

Германия полициясы "22 шілдеде Мюнхенде 9 адамды өлтірген 18 жастағы Давид Әли Сонболимен байланысы бар" деген күдікпен Ауғанстаннан шыққан 16 жастағы жігітті ұстады. Тергеушілер "күдікті шабуыл болатынын білген, бірақ полицияға хабарламаған" дейді.

Ираннан шыққан Германия азаматы Давид Әли Сонболи Facebook-тегі парақшасы арқылы McDonald's-қа бір топ жасты шақырып, сол жерде атыс жасаған. Ұсталған адамның атысқа шақырудың интернетте жариялануына қандай қатысы бары анықталып жатыр.

Германия билігі Сонболидің өткен жылы депрессия мен әлеуметтік алаңдаушылық дертіне байланысты екі ай психиатриялық емдеуден өткенін хабарлаған. Бавария полициясының өкілі оның шабуылды бір жыл жоспарлағанын айтады.

XS
SM
MD
LG