Accessibility links

Германия полициясы: Ансбахағы жарылыста "шабуылға күдікті" мерт болды


Ансбахтағы жарылыс орнында тұрған полицейлер. Германия, 24 шілде 2016 жыл.
Ансбахтағы жарылыс орнында тұрған полицейлер. Германия, 24 шілде 2016 жыл.

Германия полициясы елдің оңтүстігіндегі Ансбах қаласында жарылғыш құрылғы жарылғанын хабарлады. Жарылыс 24 шілде күні түнге қарай ашық аспан астында музыка фестивалі өтіп жатқан алаң жанында болған. Полиция жарылыстан оны жасаған күдіктінің өзі мерт болған дейді.

Бавария ішкі істер министір Иоахим Германн күдікті Сириядан шыққан, Германияға екі жыл бұрын келген 27 жастағы босқын екенін айтады. Германия билігі күдіктіге екі жыл бұрын босқын мәртебесін беруден бас тартқан. Иоахим Германның сөзінше, күдікті өзін музыка фестивалі өтіп жатқан территорияға кіргізбей қойған соң жарған. Министр бірақ күдіктінің өзге адамдарды өлтіру ниеті болғаны, әлде өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны белгісіз дейді. Иоахим Германн жарылыс жасаған адам бұған дейін өз-өзіне қол салмақ болған дейді.

Германия билігі жарылыс салдарынан кем дегенде 12 адам жараланғанын, оның ішінде үш адам ауыр халде ауруханаға түскенін айтды. Полиция фестиваль өтіпж атқан территорияны қоршап, одан екі мыңнан астам адамды эвакуациялаған.

24 шілде күні бұдан бұрын Германияның оңтүстігіндегі Ретлинген қаласында Сириядан босқын мәртебесін сұрап келген 24 жастағы ер адам мачетамен (жалпақ пышақ) шабуыл жасап, бір әйелді өлтіріп, екі адамды жаралаған.

18 шілдеде Мюнхенде Пәкістаннан келген 16 жастағы ер адам пойызда балтамен адамдарға шабуыл жасап, бес адамды жаралаған. 22 шілдеде Мюнхенде Ираннан шыққан Германия азаматы сауда үйінде тоғыз адамды атып өлтірген.

XS
SM
MD
LG