Accessibility links

WADA ХОК-тың Ресейге қатысты шешіміне разы емес


WADA басшысы Крейг Риди.
WADA басшысы Крейг Риди.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) Ресей құрамасын Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысудан шеттетпеу туралы шешіміне көңілі қалғанын білдірді.

Агенттік басшысы Крейг Ридидің мәлімдеуінше, Ричард Маклареннің WADA үшін дайындаған есебі Ресейде үкіметке бағынышты допингке қарсы бағдарламалар барын көрсеткен. WADA ХОК-ке Ресей құрамасын Олимпиада ойындарынан шеттетуге кеңес берген. Бірақ ХОК ресейлік спортшылардың Олимпиадаға қатысу, қатыспау мәселесін әр спорт федерациялары жеке өзі шешсін деген шешім шығарған. WADA бұл өзара келісімнің жоқтығы мәселесін тудырып, "таза спортшыларды" қорғауды азайтады деп санайды.

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді. Олимпиадаға қатысуға рұқсат ресейлік теннисшілерге, суға қарғып секірушілер мен синхронды жүзетін спортшыларға берілген.

XS
SM
MD
LG