Accessibility links

БҰҰ: Ауғанстанда бейбіт халық арасында қақтығыс құрбандары саны артты


Кабулдегі жарылыстан қаза болған адамды әкетіп барады. Ауғанстан, 23 шілде 2016 жыл.
Кабулдегі жарылыстан қаза болған адамды әкетіп барады. Ауғанстан, 23 шілде 2016 жыл.

БҰҰ-ның Кабулдағы миссиясының хабарлауынша, 2016 жылдың бірінші жартысында ауған Ауғанстандағы қақтығыста бейбіт халық халық арасындағы адам қазасы рекордтық көрсеткішке жеткен. Экстремистік қарулы топтар әрекеті күшейген тұста құрбан болғандар арасында балалардың үлесі көбейіп келеді. Өткен жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда қақтығыстан құрбан болғандардың саны төрт пайызға артқан.

"БҰҰ биыл қаңтар мен маусым аралығында 1 мың 601 бейбіт тұрғынның өлгенін және 3 мың 565 бейбіт тұрғынның жаралғанын тіркеген" дейді Кабул миссиясы 25 шілде күні өз баяндамасында.

Баяндамада қаза болғандардың үштен бірі балалар екені айтылады. Құрбан болған бала саны 388-ге, жараланғаны 1 мың 121-ге жетеді. Бұл - 2015 жылдың бірінші жартысындағы мөлшерден 18 пайызға артық. Шабуыл жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG