Жапония ақпарат құралдарының хабарлауынша, Токио түбінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орталықта пышақ ұстаған ер адам кем дегенде 19 адамды өлтіріп, 45 адамды жаралаған. Шабуыл 26 шілде күні таңертең болған.
Полиция Токиодан оңтүстік-батысқа қарай 25 миль қашықтықтағы Сагамихара қаласында шабуыл жасады деген Сатоши Уемацу есімді 26 жастағы адамды ұстаған.
NHK хабар тарату орталығы Уемацудың "Цукуи Ямаури-ен" кәсіпорнының бұрынғы қызметкері екенін және оның бұған дейін кісі өлтіруге оқталды деген күдікке ілінгенін хабарлайды.
"Асахи Шимбун" агенттігінің әліметінше, Уемацу полицияға "Мүгедектерді жер бетінен аластатқысы келетінін" айтқан.
Жапонияда мұндай жаппай кісі өлтіру сирек болады.
2001 жылы болған соңғы шабуылда бұрынғы аула сыпырушы сегіз мектеп оқушысын өлтірген еді.