Күн батареясы орнатылған Solar Impulse 2 ұшағы Жер жүзін айналып шығу саяхатын аяқтап, 26 шілдеде Абу-Дабиге қонды. Ұшақ бір жылдан астам уақыт бұрын саяхатын осы Абу-Дабиден бастап, 25 мың мильден астам (40 мың километрден астам) қашықтықты ұшып өткен.
Швейцарияда құрастырылған ұшақ саяхат кезінде 16 жерге аялдаған. Ұшақ сағатына 50 миль жылдамдықпен ұшып, жанармай мүлдем қолданбаған.
Ұшаққа 17 мың 248 күн батареясы орнатылған. Олар ұшақ қанатына орнатылған төрт электр қозғалтқышына энергия беріп тұрады. Түнгі уақытта ұшақ төрт құйылған полимер батареясымен ұшады. Ұшақ салмағы шамамен бір минивэннің салмағындай ғана болады. Бірақ ұшақта ұзындығы 72 метрге жететін тұтас қанаты бар және оның ұзындығы Boeing 747 ұшағы қанатының ұзындығына тең.
Solar Impulse 2 саяхатында біраз қиындық туындады. Ұшқыштар Жапониядан Гавай аралдарына ұшып бара жатқанда ұшақ батареялары зақымданып, оны жөндеуді тоғыз ай күтуге мәжбүр болды. Ұшақ Атлант мұхитын 70 сағатта кесіп өтті.
Құны 100 миллион АҚШ долларына бағаланған Жер жүзін айналып шығу жобасына Абу-Дабидің экологиялық таза технологияға маманданған үкіметтік компаниясы демеуші болды.