Accessibility links

Сот Мешімбаеваны мерзімінен бұрын босатудан екі рет бас тартқан


Анар Мешімбаева сот залында өзіне шыққан үкімді тыңдап тұр. Астана, 14 ақпан 2014 жыл.
Анар Мешімбаева сот залында өзіне шыққан үкімді тыңдап тұр. Астана, 14 ақпан 2014 жыл.

Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваның өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы екі өтініші қанағаттандырылмады деп хабарлады Алматы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне (ҚАЖД) сілтеме жасаған ҚазАқпарат агенттігі.

ҚАЖД бастығының орынбасары Балабек Жүнісовтің агенттіктің ресми сауалына жолдаған хатында түрме әкімшілігі Мешімбаеваны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы материалдарды сотқа екі рет - 2016 жылдың 13 және 19 мамыр күндері жібергені айтылады. Алматы облысының Іле аудандық соты Мешімбаеваның өзін мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмаған.

ҚАЖД Мешімбаева Алматы облысы аумағындағы ЛА-155/4 мекемесіне 2014 жылы мамырда түскенін, "түрмеде тәртібі жағынан өзін жақсы көрсетіп" кейін жеңілдетілген тәртіптегі орынға ауыстырылғанын айтады.

Астананың Есіл аудандық соты Анар Мешімбаеваны 2014 жылы 14 ақпанда соттаған. Сот оны 2009 жылы жүргізілген ұлттық халық санағы кезінде "бюджеттің 700 миллион теңгеден көп қаржысын жымқырған және қызмет өкілетін асыра пайдаланып, мемлекетке 3 миллион теңгеден астам зиян келтірген" деп айыптаған.

Сот Мешімбаеваның дүние-мүлкін тәркілеп, бес жыл бойы мемлекеттік қызметті атқаруына тыйым салған.

XS
SM
MD
LG