Accessibility links

Павлодар облысында сібір жарасына қатысты карантин алынды


Павлодар облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Павлодар облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Павлодар облысы Ертіс ауданының Ұзынсу ауылында ірі қара малдан сібір жарасы індеті табылуына байланысты жарияланған карантин алынды. Бұл туралы Азаттыққа Павлодар облыстық әкімдігінен хабарлады. Әкімдік облыстың ветеринарлық инспекциясы аудан әкімдігіне карантинді алып тастау туралы ұсыныс беріп, аудан басшылығы оны мақұлдағанын айтады.

Ұзынсу ауылында сібір жарасы індеті маусымның соңында тіркелген. 8 шілдеден бері ауылдың екі тұрғыны сібір жарасы белгісімен ауруханаға түсіп, оның бірі қайтыс болған. Кейін сібір жарасының белгілері тағы бір тұрғыннан байқалған.

Эпидемиологиялық тергеу нәтижесінде ауыл тұрғындары сібір жарасы індетін жұқтырған сиырды сойғаны анықталған.

XS
SM
MD
LG