Accessibility links

Бішкекте прокурордың көлігі жарылып, бір адам жараланды


Бішкектегі көлік жарылған орында жүрген полиция қызметкерлері. 29 шілде 2016 жыл.
Бішкектегі көлік жарылған орында жүрген полиция қызметкерлері. 29 шілде 2016 жыл.

Бішкекте көлік жарылып, прокуратура қызметкері жараланды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Қырғызстан бас прокуратурасы ішкі тергеу бөлімінің аға прокурорының көлігі Бішкектің оңтүстік-батысындағы Орто-Сай ауылында 29 шілде күні таңертең жарылған.

Бішкек травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сабырбек Жұмабековтің хабарлауынша, прокуратура қызметкері жарылыс салдарынан қолының білезігінен айырылып, көзі жараланған. Ол зардап шеккен кісінің қол білезігін қалпына келтіре алмағанын, дәрігерлер көзі мен өкпесіне кірген жарықшақты алу операциясын жүргізіп жатқанын айтады. Жұмабеков жаралының жағдайын ауыр деп бағалайды.

XS
SM
MD
LG