Accessibility links

ИМ Франциядағы "шіркеуге шабуылдаушының" видеосын жариялады


Сент-Этьен-дю-Рувре қаласында қарулы адамдар шабуыл жасаған шіркеу мен оның жанында тұрған полиция. Нормандия, Франция, 26 шілде 2016 жыл.
Сент-Этьен-дю-Рувре қаласында қарулы адамдар шабуыл жасаған шіркеу мен оның жанында тұрған полиция. Нормандия, Франция, 26 шілде 2016 жыл.

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының AMAQ агенттігі осы аптада Францияның солтүстігінде шіркеуге шабуылдаған екі адамның бірі деп танылған адамның "мұсылмандарды Францияны қиратуға шақыратын" видеосын таратты.

Видеода 19 жастағы Франция азаматы, Француз билігі 28 тамызда Нормандияда католик шіркеуіне шабуыл жасаған екі адамның бірі деп жариялаған Абдел-Малик Набир Петижан президент Франсуа Олланд пен премьер-министр Мануэль Вальске үндеу жасайды.

"Уақыт өзгерді. Біздің бауырларымыз бен қарындастарымыз тартқан зардапты сенде де тартасыңдар. Біз елдеріңді құртайын деп жатырмыз" дейді Петижан деп сипатталған адам.

"Бауырларымыз пышақпен, керек болған кез-келген нәрсемен оларға шабуыл жасап, жаппай қырады" деген ер адам мұсылмандарды Сирияда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен соғысып жатқан халықаралық коалиция күштері одақтастарына шабуылдауға шақырады.

26 шілдеде елдің оңтүстігіндегі Нормандия аймағының Сент-Этьен-дю-Рувре қаласында қарулы екі адам шіркеуде бірнеше адамды, оның ішінде дін қызметкерін кепілге алған. Қарулы адамдар дін қызметкерін өлтіріп, бір адамды жаралаған. Полиция Абдел-Малик Набир Петижанды атып тастаған. Шабуылды "Ислам мемлекеті" ұйымы мойнына алған.

Француз полициясы Петижанды шабуыл жасамай тұрып Түркия барлау қызметі оны радикалданған болуы мүмкін деп ескерткен соң қудалай бастаған.

XS
SM
MD
LG