Accessibility links

Ереванда журналистерге шабуыл оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалған


Полиция наразылық шеруі кезінде ұсталған адамды әкетіп барады. Ереван, 29 шілде 2016 жыл.
Полиция наразылық шеруі кезінде ұсталған адамды әкетіп барады. Ереван, 29 шілде 2016 жыл.

Армения прокуратурасы Ереванда жұма күні болған қақтығыс кезінде БАҚ өкілдеріне қарсы күш қолдану оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғады. Кешегі оқиғаларда 15 журналист, солардың арасында «Азат Еуропа/Азаттық радиосының» Армян қызметінің үш тілшісі де зардап шеккен.

Наразылық шеруін полиция қуып таратқан кезде шоқпар және темір шыбықпен қаруланған азаматтық киімдегі белгісіз біреулер журналистерге шабуылдаған. «Азат Еуропа/Азаттық радиосының» президенті Томас Кент баспасөз өкілдеріне күш қолдануды айыптады. Ол полиция журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп үміттенетінін айтты.

Шілденің 29-ы кешкісін Армения астанасында полиция наразылық шеруін күшпен таратты. Ереванның Эребуни ауданындағы патрульдік полиция полкінің аймағын басып алған «Сасна црер» қарулы тобына қолдау білдіріп шеруге шыққандарға қарсы полиция арнайы құралдар қолданған. Оқиға барысында бірнеше ондаған адам зардап шеккен.

Полиция 150-ден астам адамды ұстаған, олардың 20-дан астамы қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG