АҚШ-тың Техас штатында сенбі күні әуе шары көкте өртеніп, Локхард қаласы маңындағы жайылымдық жерге құлаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, әуе шарында кемінде 16 адам болған. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, олардың барлығы қаза болған.
АҚШ федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) өкілдері апат болған жерге аттанған. Бұл оқиғаны көліктегі қауіпсіздікті реттейтін мекеме тексеретіні хабарланды.