Accessibility links

Ресей президенті Словенияда бір күндік сапармен болды


Ресей президенті Владимир Путин ресейлік әскерилерге ашылған ескерткіш алдында тұр. Словения, 30 шілде 2016 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин ресейлік әскерилерге ашылған ескерткіш алдында тұр. Словения, 30 шілде 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин 30 шілдеде Словенияға бір күндік сапармен барды. Еуропа Одағы мен НАТО ұйымына мүше бұл ел Мәскеумен жақсы қарым-қатынасты сақтауға тырысады.

Словения өкілдері Путиннің сапары «бейресми» екенін, бірақ ел басшылығы мен Ресей президентінің келіссөздерінде негізгінен экономикалық мәселелер мен екіжақты қарым-қатынас талқыланатынын айтқан.

Словения астанасында Путин «Ресей ұлдарына» («Сынам России») ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысқан. Бұл ескерткіш өткен ғасырда бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар кезінде Словенияда қаза тапқан ресейлік әскерилердің құрметіне тұрғызылған.

Владимир Путин мен Словения президенті Борут Пахор ресейлік әскерилер ескерткішіне гүл шоқтарын қойған.

XS
SM
MD
LG