Ақтөбе облысында кен тиелген 22 вагон темір жолдан шығып кеткен. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше оқиға бүгін түнде болған.
«Шілденің 31-і күні 02 сағат 10 минутта Ақтөбе темір жол бөлімшесінің Никельтау-Әйтеке би жалғыз табанды жол учаскесіндегі Жоса-Құдықсай жолында кен тиелген 22 вагон жолдан шығып кетті. Вагондардың барлығы қазақстандық «Транском» жауапкершілігі шектеулі серіктестінің меншігі. Зардап шеккендер жоқ» делінген хабарламада.
Төтенше оқиға кесірінен «Астана-Атырау» және «Астана-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар поездары өз уақытынан кешіккен.
Жүк вагондарының темір жолдан шығып кетуінің себебін анықтау үшін арнайы комиссиясы құрылған.