Accessibility links

Ереванда қарулы топ қолындағы ғимараттан дәрігерлердің шыққаны хабарланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ереванда қарулы топ басып алған полиция ғимаратында болған дәрігерлердің екеуі де ол жерден кеткен. Бұл туралы Армения бүгін денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Анаит Айтаян хабарлаған.

«Дәрігер Норайр Теванян мен медбике Малина Маркарян өздерімен бірге жаралыны алып бостандыққа шықты», - деген Айтаян.

Бұған дейін Армения билігі қарулы топ шілденің 27-і күні жараланғандарға жәрдем көрсету үшін барған төрт медицина қызметкерін кепілге алды деп хабарлаған. Сол күні фельдшер Давид Тоноян, сенбі күні дәрігер Сальвадор Хечоян босап шыққан.

Полиция ғимаратын басып қалған қарулы топ «біз дәрігерлерді кепілде ұстаған жоқпыз, олардың мұнда қалу-қалмауы өз еріктерінде» деп мәлімдеген.

Шілденің 17-сі күні Армения астанасында Эребуни ауданындағы патрульдік полиция полкінің аймағын басып алған қарулы адамдар полицияның бір офицерін өлтіріп, бірнешеуін кепілге алған. Кейін кепілдегілердің бәрін босатқан. Өздерін «Сасна црер» қозғалысы мүшелеріміз деп таныстырған қарулы топ «заңсыз қару сақтаған» деген айыппен 20 маусымда қамауға алынған оппозициялық саясаткер Жирайр Сефилянды түрмеден босатуды талап етіп отыр. Қарулы топ мүшелерінің көпшілігі 1990 жылдардың басында Таулы Қарабақтағы қарулы жанжалға қатысқандар.

XS
SM
MD
LG