Accessibility links

Ереванда «Сасна црер» тобының екі мүшесі берілгені хабарланды


Полиция Баграмян даңғылын жапқан наразы шерушілерді көшені ашуға шақырып тұр. Ереван, 31 шілде 2016 жыл.
Полиция Баграмян даңғылын жапқан наразы шерушілерді көшені ашуға шақырып тұр. Ереван, 31 шілде 2016 жыл.

Ереванда полиция ғимаратын басып алған қарулы топтың екі мүшесі билікке берілді деп мәлімдеген «Интерфакс» агенттігіне Армения полициясы.

«Полк аумағынан топ мүшелері Рубен Григорян мен Геворг Мелконян шығарылды», - деген полиция. Бұған дейін полициядағы дерек көзі «Интерфакске» екі адамның билікке берілгені және жаралы тағы екі кісінің ауруханаға түскені туралы айтқан.

«Интерфакс» қарулы топ басып алған патрульдік полиция полкі аумағынан атыс пен жарылыс естіліп жатқанын хабарлайды. Соған қарағанда, полк аумағында қарулы топты берілуге мәжбүр ету үшін арнайы операция жүргізіліп жатқан болуы ықтимал.

Бұған дейін қарулы топ сәрсенбіден бері өздерімен ұстаған екі дәрігерді босатқаны туралы Армения денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі хабарлаған. Оның айтуынша, қарулы топ басып алған ғимараттан дәрігер Норайр Теванян мен медбике Малина Маркарян өздерімен бірге жаралыны алып шыққан. Шілденің 27-і күні жараланғандарға жәрдем көрсету үшін қарулы топқа барған төрт медицина қызметкері кепілге алынғаны хабарланған. Сол күні фельдшер Давид Тоноян, сенбі күні дәрігер Сальвадор Хечоян босап шыққан.

Кеше қарулы топты қолдап шеруге шыққандар Ереванның орталығындағы Армения парламенті мен ел президентінің әкімшілігі орналасқан Баграмян даңғылын жапқан соң, екі сағат бойы ол жерде көлік қозғалысы тоқтап қалған.

Шілденің 17-сі күні Армения астанасында Эребуни ауданындағы патрульдік полиция полкінің аймағын басып алған қарулы адамдар полицияның бір офицерін өлтіріп, бірнешеуін кепілге алған. Кейін кепілдегілердің бәрін босатқан. Өздерін «Сасна црер» қозғалысы мүшелеріміз деп таныстырған қарулы топ «заңсыз қару сақтаған» деген айыппен 20 маусымда қамауға алынған оппозициялық саясаткер Жирайр Сефилянды түрмеден босатуды талап етіп отыр.

XS
SM
MD
LG