Accessibility links

ИМ содырларын Ресейге шабуыл жасауға шақырды


Анбар провинциясының Рамади қаласында ИМ туын тігіп жатқан содыр (Көрнекі сурет).
Анбар провинциясының Рамади қаласында ИМ туын тігіп жатқан содыр (Көрнекі сурет).

"Ислам мемлекеті" экстремистіәк ұйымы содырларын Рсеейге шабуыл жасауға шақырып, видео үндеу жариялады. ИМ-нің Youtube желісіндегі парақшасында жариялаған видеода бетперде киген ер адам шөлейтті жерде көлікте отырып "Путин, тыңда, біз Ресейге барып, сені үйіңде көзіңді жоямыз" деп доқ көрсетеді.

Субтитрі бар видеода қарулы адамдардың бронды әскери техника мен шатырларға шабуылдап, құмды жерлерде қару-жинап жүргені көрсетіледі.

Субтитрда видеода ИМ содырлары Ирактың батысындағы Анбар провинциясының Акашат қаласындағы жолда жүр делінеді.

Видео Ресей мен АҚШ Сириядағы ИМ мен "Әл-Қаида" ұйымына қарсы әскери және барлауға қатысты ынтымақтастықты күшейтуді талқылап жатқан тұста жарияланып отыр.

ИМ өткен айда Еуропада бірнеше шабуыл жасап, салдарынан ондаған адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG