Accessibility links

ҰОК: Қазақстандық спортшылар қосымша допинг сынағын тапсырып жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) бүгін Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпидаға қатысатын қазақстандық ондаған спортшыдан допингке сынама алу аяқталатынын хабарлады.

ҰОК мәліметінше, допинг сынағынан 104 спортшы өтеді. Комитет "қосымша допинг сынақтары" 20 шілдеде басталғанын, сынамалар Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Дрездендегі зертханасына жіберілгенін айтады.

"Егер сынамалар арасында кері нәтиже көрсеткендері болса, ондай атлеттерге мемлекеттік деңгейде қатаң санкциялар салынады" делінген комитет хабарламасында. ҰОК комитет пен Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) мен WADA-ның допинг қолдануға төзбеу және таза спортшыларды қорғау саясатын қолдайтынын, ал ХОК "Қазақстан тарабының спорттағы допингпен күреске арналған шараларын қолдайтынын" айтады.

XS
SM
MD
LG