Accessibility links

Трамп: Президент болсам Қырымды мойындау мәселесін қайта қараймын


Дональд Трамп
Дональд Трамп

АҚШ президенттігіне Республикашыл партиядан кандидат Дональд Трамп президент болып сайланса Ресейдің Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алуын мойындау мәселесін қарайтынын мәлімдеді.

"Мен бұл мәселеге үңілемін. Бірақ менің естуімше, Қырым халқы бұрын болған елінен гөрі Ресеймен бірге болғанды қалайды. Мұны сіз де ескеруіңіз керек" деді Трамп АҚШ телеарнасының This Week бағдарламасына берген сұхбатында.

"Бұл қадам Обама әкімшілігінің Ресейдің 2014 жылы наурызда Қырымды басып алып, заңсыз аннексиялап алғанын мойындамау саясатын төңкеріп түсіреді" деді Трамп.

Ол сонымен қатар ол Республикашыл партиядағы Украинаны қолдауды азайтатын әрекеттерге өзінің қатысы жоғын да айтты.

Дональд Трамптың жақтастары шілдеде Республикашыл партия съезінде партияның сыртқы саясат ұстанымдарына Киевті Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистермен соғысына көмектесу үшін қару-жарақпен қамтамасыз ету мәселесін қосуға кедергі жасаған.

Трамп бұған қоса Ресей президенті Ресей президенті Владимир Путинмен ешқандай жақын байланысы жоғын айтып, Путинмен я кездесіп, я телефонмен сөйлеспегенін жеткізді.

XS
SM
MD
LG