Accessibility links

Сирияда Ресейдің Ми-8 тікұшағын атып түсірді


Ми-8 әскери тікұшағы (Көрнекі сурет).
Ми-8 әскери тікұшағы (Көрнекі сурет).

Сирияның Идлиб провинциясында Ресейдің Ми-8 тікұшағын жерден атып түсірді деп хабарлайды BBC.

Ресей қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, тікұшақ Алеппо қаласына гуманитарлық жүк жеткізіп Хмеймим әуе базасына қайтып келе жатқанда жерден атып түсірілген.

"Тікұшақ бортында үш ұшқыш пен Ресейдің Сириядағы соғысушы тараптарды бітімге келтіру орталығының екі офицері болды. Ресейлік әскерилердің тағдыры жан-жақты анықталып жатыр" делінен қорғаныс министрлігінің ақпаратында.

Тікұшақты кім атып түсіргені әзірге белгісіз.

Ресей әскери-әуе күштері Сириядағы бес жылдан асқан азаматтық соғыста осы ел президенті Башар Асадты қолдап, соғысқа киліккен.

XS
SM
MD
LG