Accessibility links

CAS Ресей ескекшілерінің шағымын қанағаттандырмады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ақпарат құралдары Спорттық арбитраж соты (CAS) ресейлік 17 ескекшінің Дүниежүзілік ескек спорты федерациясының (FISA) өздерін Рио Олимпиадасынан шеттету туралы шешіміне берген шағымын қанағаттандырмай тастағанын хабарлады.

France Press агенттігі мен Inside the Games вебсайтының хабарлауынша, 2 тамызда Спорттық арбитраж соты Дүниежүзілік ескек спорты федерациясының ресейлік 17 атлетті Олимпиадаға қатыстырмау туралы шешімін күшінде қалдырған.

Өткен аптада FISA Ресейдің алты ескекшісін ғана Олимпиадаға жіберіп, 17 ескекшісін "допингтен таза екенін дәлелдей алмады" деп жарыстан шеттеткен. Федерация 17 атлет Халықаралық олимпиада комитетінің Ресейден тыс елдерде тұрақты түрде допинг тестінен өту талабын орындамады деген.

FISA мұның алдында допинг қолданған және Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Ресейдегі мемлекеттік допинг бағдарламасы туралы тізіміне іліккен Ресейдің үш ескекшісін жарыстан шеттеткен.

FISA жарысқа жіберілген ресейлік алты ескекші төрт адамнан тұратын бір ерлер командасын құрып жарысқа шыға алатынын айтады.

XS
SM
MD
LG