Accessibility links

Солтүстік Корея ұшырған зымыран Жапон теңізіне жетті


Солтүстік Корея ұшырған зымырандардың бірі (Көрнекі сурет).
Солтүстік Корея ұшырған зымырандардың бірі (Көрнекі сурет).

Солтүстік Кореяның Жапон теңізіне ұшырған баллистикалық зымыраны бірінші рет діттеген жеріне жетті.

Жапония билігі Пхеньян ұшырған "Нодон" класына жататын орта қашықтыққа ұшатын зымыран 620 миль ұшып, 3 тамыз күні таңертең Жапон теңізіне түскенін хабарлады.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ зымыран ұшыруды "ашу тудыратын әрекет" және "Жапонияға төнген қауіп" деп атап, Токионың оған қарсы екенін мәлімдеді.

Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб басшылығы Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруы "көршілес елдерге тіке және кең ауқымды шабуыл жасау" амбициясы барын көрсететінін мәлімдеді.

АҚШ-тың стратегиялық қолбасшылығы екі зымыран ұшырылғанын байқағанын, оның бірі ұшырылған соң ұзамай жарылғанын хабарлады.

"Біз өзімізді және одақтастарымызды кез-келген шабуылдан немесе арандатудан қорғауға дайынбыз. Біз алаңдаушылығымызды БҰҰ-да білдіреміз" деді АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Анна Ричи-Аллен.

Солтүстік Корея өткен айда теңізге қарай үш зымыран ұшырған. Пхеньян Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғаныстың жетілген жүйесін орнату туралы өткен айда жариялаған жоспарына "физикалық тұрғыда жауап беретінін" білдіріп, доқ көрсеткен.

XS
SM
MD
LG