Accessibility links

Бішкек: Сирия мен Иракта 600-ден астам қырғызстандық соғысып жүр


"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының Қырғызстандағы мұсылмандарға арнаған видео үндеуінен скриншот (Көрнекі сурет).
"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының Қырғызстандағы мұсылмандарға арнаған видео үндеуінен скриншот (Көрнекі сурет).

Қырғызстан қауіпсіздік қызметі 600-ден астам қырғыз азаматының Сирия мен Иракта исламшыл содырлар қатарына өтіп кеткенін жариялады.

Бұл туралы бүгін Азаттықтың Қырғыз редакциясына хабарлаған Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз хатшысы Рахат Сулайманов 600 адамның 100-і әйелдер екенін айтты.

Сулаймановтың дерегінше, 70-тен астам қырғызстандық исламшыл радикалдық топтар қатарында соғысып жүріп мерт болған.

Ол сонымен қатар Сирия мен Ирактағы соғысқа қатысқан 20 азаматтың елге оралғанын да айтты.

Бұған дейін Қырғызстан билігі 500-ге тарта қырғызстандықтың Таяу Шығыс елдерінде исламшыл радикалдық топтар қатарына қосылғанын мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG