Accessibility links

Қазақстан: Қырғызстанға жүздеген тонна ауылшаруашылығы өнімі қайтарылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан 4 шілде мен 3 тамыз аралығында карантиндегі жалпы салмағы 330 тоннадан астам ауылшаруашылығы өнімін кері қайтарды деп хабарлады Қазақстан ауылшаруашылығы министрлігі.

Министрлік мәліметінше, қайтарылған ауылшаруашылығы өнімдері арасында "картоп жұмыр құрты түскен" құлпынай, "оңтүстік америкалық қызанақ күйе көбелегі түскен" болгар бұрышы, өрік, шабдалы, алма мен "шығыс жемір көбелегі" түкен өрік бар. Сонымен қатар осы мерзім аралығында Қазақстанға "фитосанитарлық сертификаттары жарамсыз" 142 тонна өнімді кіргізуге шектеу қойылған.

"Барлық заң бұзушылық фактісі бойынша Қырғызстанның ұлттық карантин және өсімдіктерді қорғау ұйымына наразылық хабарламасы жолданды" делінген министрлік сайтында жарияланған ақпаратта.

Мамыр айында Қазақстан Қырғызстаннан "жұмыр құрт түсуіне байланысты" картоп кіргізуге уақытша шектеу қойылып, ол бір айдан соң алынған.

XS
SM
MD
LG