Accessibility links

Пентагон Пәкістанға беретін әскери көмегін бөлуді бөгеді


Эштон Картер, АҚШ қорғаныс министрі.
Эштон Картер, АҚШ қорғаныс министрі.

Пентагон "Хаккани" террористік ұйымына қарсы «жеткілікті шара» жүргізіліп отырған жоқ деп Пәкістанға әскери көмек ретінде беретін 300 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны бөлуді бөгейтінін мәлімдеді.

"Көмек қаржы Пәкістан әскерилері 2014 жылға дейін "терроризмге қарсы күресте көп іс атқарғанына" қарамастан бөгелді деді Пентагонның баспасөз хатшысы Адам Стамп.

АҚШ террористік ұйым деп санайтын "Хаккани" Ауғанстан мен Пәкістанда белсенді әрекет етеді.

Конгресс АҚШ-тың 2016 жылы Пәкістанға әскери көмек ретінде беретін 1 миллиард доллар қаржысының 300 миллионы «қорғаныс министрі Эштон Картер Пәкістан "Хакканиге" қарсы күресте қанағаттанарлықтай жетістікке жеткенін растаған жағдайда ғана бөлінетінін" ескертті.

Қаражат 30 маусымға дейін бөлінуі тиіс болатын. Бірақ Эштон Картер қаржы бөлуді әлі мақұлдамаған.

Washington Post қаржы бөлуге қатысты шешімнің 3 тамызда қабылданғанын бірінші болып хабарлаған. Пәкістанға әскери көмек бірінші рет қорғаныс министрінің мақұлдауымен бөлінбек.

"Біз терроризммен күресуге бел будық. Бұл көмек арқылы АҚШ-Пәкістанның терроризммен күресінде екі елдің мүддесіне ортақ болатындай етіп қолдау көрсете алады" деді Пәкістан сыртқы істер министрі Нафиз Закария.

XS
SM
MD
LG