Accessibility links

БҰҰ: ИМ Иракта 3 мың бейбіт тұрғынды тұтқынға алды


Бағдадтың солтүстігінде үй-жайынан айырылып, ИМ содырларынан бас сауғалап жүрген ирактықтар. Шілде 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Бағдадтың солтүстігінде үй-жайынан айырылып, ИМ содырларынан бас сауғалап жүрген ирактықтар. Шілде 2016 жыл (Көрнекі сурет).

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырлары Ирактың солтүстігінде зорлық-зомбылықтан бас сауғалап қашқан 3 мың ирактық бейбіт тұрғынды тұтқынға түсіргені туралы мәлімет алғанын хабарлады.

Агенттік Ирактың ішінде Хавиджа қаласының тұрғындары 4 тамызда жақын аймақтағы Киркук қаласына бас сауғалап бара жатқанда қолға түскенін айтады. Мәліметке қарағанда, ұсталғандардың 12-сін содырлар тұтқында өлтіріп тастаған.

ИМ содырлары Ирак пен Сирияның біраз бөлігін 2014 жылы тұтқиылдан басып алған. Ұйым содан бері екі елде біраз территориясынан айырылса да, Ирактың Мосул қаласы мен Сирияның Ракка қалаларын әлі бақылауда ұстап тұр.

2016 жылдың шілдесіндегі мәлімет боййынша, Иракта ИМ басқыншылығынан 3,4 миллион адам үй-жайынан айырылған.

XS
SM
MD
LG