Accessibility links

Ниццадағы теракт құрбандарының саны 85 адамға жетті


Ниццада 2016 жылғы 14 шілдеде жасалған теракт құрбандарына қойылған гүлдер. (Көрнекі сурет.)
Ниццада 2016 жылғы 14 шілдеде жасалған теракт құрбандарына қойылған гүлдер. (Көрнекі сурет.)

Ниццада өткен айда жасалған теракт құрбандарының саны 85 адамға жетті. Шабуылдан кейін өте ауыр халде ауруханаға жеткізілген 56 жастағы Пьер есімді ер адам тамыздың 5-і күні қайтыс болған.

Халықаралық фрацуз радиосының хабарлауынша, бұл адам Ниццаға әйел және алты баласымен бірге Бастилияны алу күні болатын шараларды көру үшін Савойа аймағынан арнайы келген. Терак болған күні оның әйелі оқиға орнында қаза тапқан, хабарсыз кеттіге саналған олардың қызы да опат болғаны арада төрт күн өткенде белгілі болған. Ерлі-зайыптылардың 14 және 33 жастағы тағы екі баласы шабуыл салдарынан жарақат алған.

Теракт кезінде зардап шеккендердің көпшілігі әлі ауруханада жатыр.

Шілденің 14-і күні кешкісін Францияның Ницца қаласында Бастилияның алынған күніне арналған шараға жиналған жұртты үлкен жүк көлігін айдаған ер адам қатты жылдамдық таптап өткен. Жүк көлігінің жүргізушісі – 31 жастағы тегі тунистік француз азаматын полиция оқиға орнында атып өлтірген. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Ниццадағы шабуылға жауапкершілікті өзіне алатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG