АҚШ-тың Пенсильвания штатында тұрып жатқан түрік діни қайраткері Фетхулла Гүленнің адвокаттары оның өміріне қастандық жасалуы мүмкін деп қауіптенеді. Тамыздың 5-і күні Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында адвокаттары Гүлен өзі қоныстанға кентте тұра береді деп мәлімдеді.
Фетхулла Гүлен Түркияда ықпалы жағынан президент Режеп Ердоғаннан кейінгі екінші адам саналады. Бір кезде одақтас болған екі тұлға Ердоған билікке келгеннен кейін бір-бірімен араздасып қалған деп хабарлайды ВВС.
Бейсенбі күні Түркия билігі Гүленді тұтқындауға шешім шығарған, ал президент Ердоған Гүленге қатысы бар бүкіл бизесті «түп-тамырымен жоюға» ниетті екенін мәлімдеген.
Вашингтондағылар Түркияда биыл шілденің 15-16 күндері іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс әрекетін ұйымдастыруға Гүленнің «айыбы» бар екені туралы Анкараның ұсынған дәлелдері «иландырмайтындықтан», АҚШ билігінің оны Анкара беру ниеті жоқ екенін айтады.