Бакуге ресми сапармен барған Иран президенті Хассан Роухани Әзербайжан президенті Илхам Әлиевпен сауда, өнеркәсіп, энергетика, мәдениет, банк, телекоммуникация, темір жол қатынасы салалары бойынша келіссөздердің орындалу барысы жайлы келіссөздер өткізеді деп хабарлайды Азаттықтың Грузин қызметі АПА агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Роухани Бакуге Әзебайжан президенті Илхам Әлиев және Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізуге барады деп хабарланған еді. Кездесу барысында сауда, энергетика, телекоммуникация, қоршаған орта, көлік және терроризммен күрес салаларында үшжақты әріптестікті кеңейту мәселелері талқыланады делінген болатын.