Accessibility links

Ресей құрамасы паралимпиада ойындарынан шеттетілді


Ресейлік жеңіл атлет Евгений Шевцов 2012 жылғы Лондон олимпиадасы кезінде (Көрнекі сурет).
Ресейлік жеңіл атлет Евгений Шевцов 2012 жылғы Лондон олимпиадасы кезінде (Көрнекі сурет).

Халықаралық паралимпиада комитеті бүкіл Ресей құрамасын допинг дауына байланысты Бразилияда өтетін ойыннан шеттетті. Комитеттің мәлімдеуінше, Ресей атлеттердің тыйым салынған препараттарды қолдану бағдарламасын қолданған. Комитет мұны допинг қолданбайтын спортшыларға жасалған "бұрын-соңды болмаған шабуыл" деп атайды.

Паралимпиада келесі айда басталады. Оған Ресей құрамасынан 270-ке тарта спортшы қатысуы тиіс еді.

Комитет президенті Филип Крейвен ресейлік спортшылар "бұзылған жүйенің бір бөлшегі" болды деп атап, допинг қолданбайтын спортшыларға өкініш білдірді. Ресей билігі бұл хабарға қатқыл жауап қатты. Ресей спорт министрі Виталий Мутко ТАСС агенттігіне берген сұхбатында комитеттің шешімін "ақылға қонымсыз" деп атады.

Халықаралық тергеушілер Виталий Мутконы допинг бағдарламасына қатысы бар деп санайды.

XS
SM
MD
LG