Accessibility links

Ақтөбе облысы: Ор өзенінде балық өлудің себептері тексеріліп жатыр


Ақтөбе облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Ақтөбе облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында Қопа ауылы маңында Ор өзенінде балық өлу себептері тексеріліп жатыр деп хабарлады Азаттыққа облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Дүйсенов.

Оның сөзінше, 4 тамыз күні инспекцияға Қопа ауылы маңында Ор өзенінде балық қырылған деген ақпар түскен. Бұдан соң орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы, экологиялық инспекция мамандары Қопа ауылына барып, Ор өзенінде үш жерден 12 өлген балық тапқан. Өлген балықтар мен судың сынамасы облыстық ветеринарлық зертханаға тапсырылған. Зертханалық тексеру қорытындысы осы аптада дайын болады.

- Тамыздың 4-інен бері жаңадан балық қырылу фактісі тіркелген жоқ. Мұғалжар ауданының Ор өзені басталатын Құмсай деген жерінен бері тексерілді. Өзеннің қасында, жақын маңында өндіріс орындары жоқ. Жаңбыр жауғалы төрт күн болды. Ор өзені арнасынан шықты, - деді Дүйсенов.

XS
SM
MD
LG