Ауыр атлетикадан 62 килограмм салмақта қазақстандық Фархад Харки 305 килограмды көтерді. Ол жұлқа көтеруде 135 килограмм, серпе көтеруде 170 килограмды алды.
Колумбиялық Оскар Фигиероа олимпиада чемпионы атанды - 318 килограмм (142+176). Күмісті индонезиялық Эко Юли Ираван - 312 (142+170) иеленді.
2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионатында алтын алған қытайлық Чэнь Лицзюнь жұлқа көтеруде 143 килограмды көтерерде есінен танып, жарыста ерте аяқтады.
6 тамызда қазақстандық қос дзюдошы Елдос Сметов күміс, Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль алған.