Accessibility links

"Шекарасыз дәрігерлер": Сирияда балалар ауруханасына шабуыл жасалды


Идлиб провинциясындағы "Шекарасыз дәрігерлер" қолдауымен жұмыс істеген аурухананың бомба түсіп қираған орны. Сирия, ақпан 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Идлиб провинциясындағы "Шекарасыз дәрігерлер" қолдауымен жұмыс істеген аурухананың бомба түсіп қираған орны. Сирия, ақпан 2016 жыл (Көрнекі сурет).

"Шекарасыз дәрігерлер" халықаралық ұйымы Сирияның солтүстігіндегі Идлиб провинциясында балалар ауруханасына әуеден бомбаланып, 13 адам мерт болғанын мәлімдеді. Гуманитарлық қызметкерлердің мәліметінше, 6 тамыз күні таң ата болған төрт соққының екеуі ауруханаға жасалған. Шабуылдан аурухананың алты қызметкері жараланған. Әуе шабуылын кім жасағаны белгісіз.

Өткен айда БҰҰ Сириядағы 44 медициналық мекемеге шабуыл жасалғанын мәлімдеген. 2015 жылдың қыркүйегінен бері Сирияда әскери-әуе операцияларын жүргізіп келе жатқан Сирия үкіметі мен Ресей ауруханаларға соққы бергенін жоққа шығарады.

2015 жылы қазанда америкалық әскери-әуе күштері Ирактың солтүстігінде "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының ауруханасын қателесіп бомбалап, 42 адам қаза тапқан. Кейін АҚШ әскерилердің қателігі үшін кешірім сұрады.

XS
SM
MD
LG