Accessibility links

Сербия үкіметінде бірінші рет ЛГБТ өкілі министр болмақ


Ана Брнабич, Сербия үкіметінде мемлекеттік әкімшілік министрлігін басқаруы тиіс ЛГБТ өкілі.
Ана Брнабич, Сербия үкіметінде мемлекеттік әкімшілік министрлігін басқаруы тиіс ЛГБТ өкілі.

Сербия үкіметі құрамына бірінші рет өзін ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал және трансгендер) өкілі деп ашық жариялаған министр кірді. Қайта тағайындалған премьер-министр Александр Вучичтің хабарлауынша, мемлекеттік әкімшілік министрлігін басқаратын 40 жастағы Ана Брнабич өзінің жыныстық азшылық өкілі екенін жасырмайды.

Вучичтің сөзінше, оны тек болашақ министрдің кәсіби сапасы қызықтырады. Сербияның Гейлер мен гетеросексуалдар альянсы (Gay Straight Alliance) мұны "тарихи шешім" деп атап, қолдау білдірді. Вучичтің жаңа оңшыл үкімет құрамы осы аптаның соңында парламенттің дауыс беруіне ұсынылады.

Халқының 80 пайыздан астамы православ Сербияда ЛГБТ өкілдерін қудалап, кемсіту оқиғалары жиі болады. 2010 жылы наурызда радикалды ұлтшылдар гейлер шеруіне қатысушыларға шабуыл жасап, полициямен қақтығысып, салдарынан 150 адам жараланған. Бұдан соң билік мұндай акциялар өткізуге тыйым салған.

XS
SM
MD
LG