Accessibility links

БҰҰ Алеппода "гуманитарлық үзіліс" жариялауға шақырды


Сириялық көтерілісшілер мен Алеппо тұрғындары қаланың қауіпсіздеу ауданына бара жатыр. Сирия, 7 тамыз 2016 жыл.
Сириялық көтерілісшілер мен Алеппо тұрғындары қаланың қауіпсіздеу ауданына бара жатыр. Сирия, 7 тамыз 2016 жыл.

БҰҰ Сирияның Алеппо қаласында соғысты уақытша тоқтатып, "гуманитарлық үзіліс" жасауға шақырды. БҰҰ гуманитарлық көмек қызметінің өкілі 9 тамызда Алеппода соғыстан су және электр қуатын тарату жүйелері қирап, жөндеуді қажет ететінін мәлімдеді.

БҰҰ өтінішіне қарамастан, сириялық белсенділер үкімет әскери ұшақтары Алеппоның оппозицияшыл көтерілісшілер орныққан аудандарын бомбалап жатқанын айтады.

Өткен аптаның соңында көтерілісшілер Алеппода үкімет әскерінің қоршауын бұзып, үкіметшіл күштердің керек-жарақ жеткізетін тасымал жолын кескенін мәлімдеген. Бұдан соң шайқас қайтадан күшеюі мүмкін деп екі жақ әскери қуатын күшейте бастаған.

БҰҰ өкілдері көтерішлісшілер қарсы шабуылға шыққанан бері "шын мәнінде үрейде" отырған бейбіт тұрғын саны екі миллионға жеткенін айтады.

Ресей авиациясы қолдайтын президент Башар Асадқа бағынышты күштер көтерілісшілер бақылауындағы Алеппоны 17 шілдеде қоршауға алған.

XS
SM
MD
LG