Accessibility links

Украиналық атлет допингтен олимпиада медалінен айырылды


Украиналық найза лақтырушы Александр Пятница Испанияда өткен Еуропа чемпионатында найза тақтырып тұр. Шілде, 2010 жыл (Көрнекі сурет).
Украиналық найза лақтырушы Александр Пятница Испанияда өткен Еуропа чемпионатында найза тақтырып тұр. Шілде, 2010 жыл (Көрнекі сурет).

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) украиналық найза лақтырушы Александр Пятницаны 2012 жылы Лондон Олимпиадасында жеңіп алған күміс медалінен айырды. Комитет одан алынған сынаманы қайта тексергенде тыйым салынған туринабол препараты табылғандық.

ХОК-тің хабарлауынша, Лондон мен 2008 жылғы Пекин Олимпиадасында жарысқа түскен тағы үш спортшы - ауыр атлеттер армениялық Рипсим Хуршудян мен түркиялық Нурджан Тайлан және беларусьтік найза лақтырушы Павел Кривитскийдің сынамаларыы да оң нәтиже көрсеткен. Үшеуі де Рио Олимпиадасынан шеттетілген.

ХОК он жылға дейін сақталуы тиіс бірқатар сынаманы жаңа ғылыми әдістерді пайдаланып қайта тексерген. Лондон мен Пекин Олимпиадаларына қатысқан барлық 98 спортшыдан допинг табылған. ХОК сынамаларды төрт рет тексермек. Рио ойындарында комитет 5 мың 500 сынаманы тексереді. Комитет жарыста алғашқы бес орынды иеленген спортшылар мен әр спорт түрі бойынша екі атлеттен сынама алады.

XS
SM
MD
LG