Accessibility links

Ауыр атлет Жаппарқұл - олимпиаданың күміс жүлдегері


Жазира Жаппарқұлдың (солдан бірінші) жүлде алған сәті. Рио-де-Жанейро, 10 тамыз 2016 жыл

Рио-де-Жанейродағы олимпиада кезінде әйелдер арасында 69 килограмм салмақта сынға түскен қазақстандық Жазира Жаппарқұл қоссайыста 259 килограмм көтеріп, күміс медаль иеленді. Ол жұлқа көтеруде 115 кг, серпе көтеруде 144 кг алды.

Осы салмақта Қытай атлеті Сян Янмэй 261 килограмм (116+145) көтеріп, олимпиада чемпионы атанды. Египеттік Сара Ахмед 255 килограмм көрсеткішпен (112+143) қола медаль иеленді.

Жазира Жаппарқұл 2014 жылы Алматыда, 2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионатында күміс медаль алған.

Бұл - Қазақстанның Риодағы бесінші медалі. Осыған дейін дзюдодан Елдос Сметов күміс, Галбадрах Отгонцэцэг қола, ауыр атлеттер Фархад Харки мен Карина Горичева қола алған.

XS
SM
MD
LG