Accessibility links

Ресей Google-ге 6,8 миллион доллар айыппұл салды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің Федералдық монополияға қарсы қызметі америкалық Google компаниясына "Бәсекелестікті қорғау туралы" заңды бұзды деп 438 миллион рубль (6,8 миллион доллар) айыппұл салды.

Монополияға қарсы қызметтің хабарлауынша, айыппұл мөлшері компанияның ішкі нарықта Google Play дүкенінен сатқан қосымшаларынан есептелген. Google бұған қатысты қандай да бір әрекет ету үшін сот шешімін зерттейтінін мәлімдеді.

Федералдық монополияға қарсы қызмет ресейлік Yandex компаниясының шағымы бойынша Google Android жүйесінде жұмыс істейтін ұялы телефон өндірушілерден Google Play-ге кіру үшін Google қосымшасын алдын ала орнатып қоюды талап етеді деп тұжырған. Монополияға қарсы қызмет телефондарда басқа да компаниялар, мысалы Yandex-тің қосымшаларын орнату мүмкіндігі шектелген дейді.

XS
SM
MD
LG