Канада билігінің мәліметінше, Онтарио провинциясында атып өлтірілген ер адам "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының жақтасы болған және таяу үш тәулікте теракт жасауды жоспарлаған.
АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы (немесе FBI) Канада полициясына видеожазба жолдаған. Онда бетперде киген адам Канада қалаларының бірінде қарбалас сәтте жарылғыш құрылғыны іске қосатынын айтады. Видео арнайы баспасөз конференциясында көрсетілді. Видеода ер адам Құраннан сүрелер оқып, мұсылмандарға қарсы қылмыстар туралы айтады.
Полиция күдіктіні исламды қабылдаған 24 жастағы Аарон Драйвер деп танып отыр. Оны полиция Торонтодан 225 километр қашықтықтағы Стратрой қаласында ұстау кезінде көзін жойған. Билік оның ИМ-мен байланысы барын білгенін айтады. Полицияның мәліметінше, Драйвердің серіктері болғанына ешқандай дәлел жоқ.