Қырғызстанның ақпараттық технология және байланыс мемлекеттік комитеті Қазақстаннан интернет тарифтерінің қымбаттауын түсіндіруді сұрады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Комитеттің мәліметінше, 11 тамызда Қырғызстан байланыс операторларының ассоциациясынан тарифтерге қатысты жағдайды түсіндіруді сұраған хат түскен. Бұған дейін қазақстандық провайдерлер қырғызстандық провайдерлерді интернет тарифтерінің екі-үш есеге қымбаттауы мүмкін екенін ескерткен.
Ресми мәлімет бойынша, 2015 жылы Қырғызстанның ұялы байланыс компаниялары 18 миллион 870 мың сомның (шамамен 270 мың доллар) интернет қызметін көрсеткен. Бұл - 2014 жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға, ал 2011 жылмен салыстырғанда 36,6 пайызға көп.