Accessibility links

ИМ тобының Ауғанстан мен Пәкістандағы басшысының қаза болғаны хабарланды


«Ислам мемлекеті» экстермистік тобының Ауғанстан мен Пәкістандағы басшысы Хафиз Саид Хан.
«Ислам мемлекеті» экстермистік тобының Ауғанстан мен Пәкістандағы басшысы Хафиз Саид Хан.

«Ислам мемлекеті» экстермистік ұйымының Ауғанстан мен Пәкістандағы басшысы Хафиз Саид Хан өткен айда АҚШ әскери дронының зымыран соққысынан өлген. Бұл туралы жұма күні Пәкістандағы Ауғанстан елшісі Омар Захилвал мәлімдеген. Кейін бұл ақпаратты Пентагонның аты-жөні аталмаған өкілі Reuters агенттігіне растаған.

Ақпаратқа қарағанда, Хафиз Саид Хан бірнеше серігімен шілденің 26-сы күні Ауғанстанның Нангархар аймағында әуе шабуылы нәтижесінде қаза тапқан.

Бір кездері Пәкістандағы бірнеше содырлар тобын біріктіретін «Техрик-е Талибан Пәкістан» ұйымының ресми өкілі болған Хафиз Саид Ханды «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы өзінің Пәкістан мен Ауғанстандағы басшысы етіп тағайындағаны туралы қаңтарда ИМ ресми өкілі Абу Мұхаммад әл-Аднани Twitter желісінде жариялаған аудио жазбасында мәлімдеген. Хафиз Саид Ханның «Ислам мемлекеті» тобының басшысы Абу Бакр әл-Бағдадиге адал болуға ант бергені хабарланған.

XS
SM
MD
LG