Accessibility links

Украина Қырыммен шекарасында қауіпсіздікті күшейтті


Севастополь маңында жүрген ресейлік әскери қайықтар. Тамыз, 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Севастополь маңында жүрген ресейлік әскери қайықтар. Тамыз, 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Украина шекара қызметі Ресей аннексиялап алған Қырым түбегімен шекараға ауыр қару-жарақты шоғырландырады. Бұл туралы «Интерфакс-Украина» агенттігіне Украина шекара қызметінің басшысы Виктор Назаренко хабарлаған. Оның айтуынша, шекара әскері «кез-келген жағдайға» дайын тұр.

Назаренко Ресей Қырымда Украинаға қарсы «гибридтік соғыстың» жаңа кезеңін бастады деп санайды. Ол Ресей тарапының «Украина Қырым территориясына оқ атқан» деген айыптауын жоққа шығарған.

Бұған дейін «Интерфакс-Украина» агенттігі Киев Ресеймен шекарасын біржақты түрде деморкациялауды жалғастырып, Беларусьпен шекарада демаркациялап жатқаны, ал Приднестровье аймағымен шекарада ол жұмыстарды аяқтап қалғаны туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG