Accessibility links

Астанада полиция ломбардта қамалған адаммен келіссөз жүргізіп жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астанада бүгін полиция «ломбардты тонамақ болған» деген күдікке ілінген адаммен келіссөз өткізіп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметі бойынша, жексенбі күні Кенесары көшесінде орналасқан ломбардта дабыл белгісі қосылып, ломбардтың есігі автоматты түрде жабылып қалған. Алдын ала ақпарат бойынша, ғимарат ішіне заңсыз кірмек болған бір ер адам және ломбардтың екі қызметкерері қалып қойған.

Қазір оқиға орнында полиция өкілдері әлгі адаммен келіссөз өткізіп жатқаны хабарланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG