Ресей билігі Дағыстан республикасында терроризмге қарсы режим аяқталып, аранйы операциядан бір адам қаза тапқанын хабарлады. Терроризмге қарсы режим 14 тамыз күні таңертең Дағыстанның Тагиркент-Казмаляр елді мекені маңында күштік құрылымдар күдікті бір содырдың көзін жойып, өзге күдікті содырлар жасырынған болуы мүмкін деген үйді қоршауға алған соң енгізілген.
Билік терроризмге қарсы режимді сол күні кешке жақын арнайы операция қорытындысы туралы еш ақпарат таратпай алып тастады.
Дағыстанда Солтүстік Кавказда ислам халифатын құрғысы келетін содырлар мен қарулы қылмыстық топтардың зорлық-зомбылығы күшейіп тұр.
Аймақтағы қантөгіске ұйымдасқан қылмыс, бизнестегі тәжікелестік, саяси дау мен клан аралық бәсеке де үлес қосып отыр.