Accessibility links

Прокурор Махамбет Әбжанның бас бостандығын 2 жылға шектеуді сұрады


Астаналық белсенді Махамбет Әбжан.
Астаналық белсенді Махамбет Әбжан.

Астананың Сарыарқа аудандық сотының прокуроры Алмас Нұриев аудандық №2 соттан азаматтық белсенді Махамбет Әбжанның бас бостандығын екі жылға шектеуді сұрады. Әбжанға "билік өкіліне тіл тигізді, оларға бағынбай, күш көрсетті" деген айып тағылған. Әбжанның адвокаты Аманжол Мұхамедьяровтың айтуынша, прокурор белсендіге бұған дейін тағылған "озбырлық таныту" айыбынан бас тартқан.

"Озбырлық" айыбы Әбжанның қатысы бар тұрғын үй мәселесі бойынша тағылғанымен, сотта ол полицияға бағынбау айыбымен бірге қаралды.

- Прокурор бірінші айып бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (бір айлық есептік көрсеткіш 2121 теңге) айыппұл салуды, екінші және үшінші айып бойынша бас бостандығын екі жылға шектеуді сұрады. Нәтижесінде жеңілдеу жаза мен ауырлау жаза біріктіріліп, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы деп өзгертілді, - деді Аманжол Мұхамедьяров.

Полицияның ұйғарымынша, белсенді мамыр айында Астанадағы салық қызметінде жанжал тудырып, бұдан соң одан полицияға барып, түсінік беруді сұарған. Бірақ Әбжан одан бас тартып, "қарсылық танытып, полицияның қызметтік киімінің қалтасын жыртқан".

Әбжанның өзі айыпта "үйлеспейтін тұстар" барын айтады. Оның сөзінше, полицейлердің бірі қалтасы қай жақ қалтасы жыртылғанын нақты айта алмаған. Ол сонымен қатар материалдан оның ұсталған уақыты жоғалып кеткенін айтады.

Махамбет Әбжан бұған дейін "қаржылық алаяқтық жасады" деген айыппен сотталып, үш жыл түрмеде отырған. Жақтастары ол айыптың саяси астары бар дейді.

Белсендінің ісіне қатысты келесі сот 17 тамызға белгіленді.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG