Accessibility links

Боксшы Василий Левит олимпиада күмісін алды


Қазақстандық боксшы Василий Левитке Рионың күміс медалі табыс етілген сәт.
Қазақстандық боксшы Василий Левитке Рионың күміс медалі табыс етілген сәт.

Рио олимпиадасындағы бокс жарысында 91 килограмм салмақтың финалында қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко кездесті.

Үшінші раундта қазақстандық боксшы басым көрінгенімен төрешілер бірауыздан Ресей боксшысын жеңімпаз деп таныды. Залдағы ондаған жанкүйер нәтижемен келіспей наразылық танытты. Бұл - Қазақстанның Риодағы бокс бәсекесінде алған алғашқы медалі. 17 тамызда 69 килограмда Данияр Елеусінов финалда өзбекстандық Шахрам Гиясовпен алтын медальды сарапқа салады.

Ал Әділбек Ниязымбетов (81 кг) жартылай финалда, Иван Дычко (+91 кг) ширек финалда бокстасады.

Қазірге дейін Қазақстан құрамасы Рио олимпиадасында екі алтын, үш күміс, төрт қола медаль иеленді.

Бұған дейін ауыр атлетикадан Нижат Рахимов пен жүзуден Дмитрий Баландин алтын алған. Жазира Жаппарқұл (ауыр атлетика) мен Елдос Сметов (дзюдо) күміс медаль еншілеген. Галбадрах Отгонцэцэг (дзюдо), Карина Горичева мен Фархад Харки (екеуі де - ауыр атлетика), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) қола медаль иеленген.

XS
SM
MD
LG