Accessibility links

Трамп: ИМ-мен күресте Ресеймен ынтымақтасамыз


Дональд Трамп.
Дональд Трамп.

АҚШ президенттігіне Республикашыл партиядан кандидат Дональд Трамп егер президент болып сайланса "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресте Ресеймен ынтымақтастасатынын мәлімдеді.

Огайо штатында сайлауалды бағдарламасы бойынша сөйлеген Трамп "Біз өзімізге дос таңдай алмаймыз, бірақ біз жауымызды анықтағанда қателеспеуіміз керек" деді. Республикашыл партия кандидаты жақтастарын радикалды исламшыл топтармен күресте "НАТО-мен тығыз қарым-қатынас" орнататынын айтты.

Дональд Трамп егер президент болса ең алдымен "радикалды ислам" бойынша арнайы комиссия құратынын айтты. Оның пікірінше, АҚШ мемлекеттік департаменті әлемнің АҚШ-қа иммиграция жасауға рұқсат етілмейтін аймқатарының тізімін жасауы керек болады.

XS
SM
MD
LG