Accessibility links

ХОК қарсыласымен қол алыспаған Египет дзюдошысын айыптады


Египет балуаны Ислам Әл-Шахаби (көк формада) израильдік Ор Сассонның қолын алудан бас тартты. 12 тамыз 2016 жыл.
Египет балуаны Ислам Әл-Шахаби (көк формада) израильдік Ор Сассонның қолын алудан бас тартты. 12 тамыз 2016 жыл.

Египеттік дзюдошы Ислам әл-Шехаби Рио Олимпиадасындағы жарыста Израиль балуаны Ор Сассоннан ұтылған соң қарсыласымен қол алысудан бас тартқаны үшін сөгіс жарияланып, еліне қайтарылды. Белдесудің бірінші раундында египеттік балуан израильдік дзюдошының ұсынған қолын алудан бас тартып, бас шайқаған. Көрермендер оның бұл қылығына қарсылық білдірген.

Халықаралық олимпиада комитеті Шехабидің бұл қылығын "Олимпиаданың құндылығы саналатын шынайы жарыс пен достық рухына қайшы келеді" деп атады.

Египеттің олимпиада комитеті де спортшының әрекетін "қатаң түрде айыптап", оның елге қайтарылғанын хабарлады. "Дзюдо ережесінде қарсыластың қолын алсын деген ереже жоқ. Бір-бірімен дос спортшылар ғана қол алысып жатады, ал ол менің досым емес" деді Шехаби белдесуден кейін.

XS
SM
MD
LG