Accessibility links

Қырғызстан интернет тарифінің қымбаттауы мүмкін екенін ескертті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанда интернет провайдерлер абоненттерді интернет тарифтерінің қымбаттауы мүмкін екенін ескертіп жатыр. Бұл туралы жергілікті провайдерлердің ресми сайттарында хабарланды.

Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, провайдерлер хабарламасында қазір интернет қызметтерінің құны өзгеріссіз қалатыны, бірақ тарифтер "жақын уақытта" бірнеше есе көтерілуі мүмкін екені айтылады.

Бұған дейін қазақстандық провайдерлердің Қырғызстанды интернет тарифтерінің 2-3 есеге қымбаттайтыны туралы ескерткені хабарланған.

XS
SM
MD
LG