Accessibility links

Қытай әлемдегі алғашқы квантты байланыс спутнигін ұшырды


Қытайдың алғашқы квантты байланыс спутнигін ұшыру сәті. Ганьсу провинциясы, Цзюцюань ғарыш айлағы. 16 тамыз 2016 жыл.
Қытайдың алғашқы квантты байланыс спутнигін ұшыру сәті. Ганьсу провинциясы, Цзюцюань ғарыш айлағы. 16 тамыз 2016 жыл.

Қытай ғарышқа "байланыс қауіпсіздігін толық қамтамасыз етеді" делінген әлемдегі алғашқы квантты байланыс спутнигін ұшырды. Micius деп аталатын сынақ ретінде жасалған спутник 16 тамызда Ішкі Моңғолиядағы Цзюцюань ғарыш айлағынан ұшырылды. АҚШ, Жапония мен өзге де елдер

АҚШ, Жапония және өзге де бәсекелес елдер жер серігі сигналдарын декодтап, шифр кілттерін жолдауы үшін фотондарды пайдаланатын мұндай технологияны дамытуда жарысқа түскен. Спутниктен жолданған сигналдар субатомдық бөлшектерге бөлінеді де, оны орта жолдан ұрлаудың кез-келген әрекеті субатомдық бөлшектердің жойылуына әкеліп соқтырады. Бірақ бұл үшін аталған технология Жерден сигналдарды қабылдайтын станциямен дәлме-дәл координация орнатуы тиіс.

"Бұл дегеніміз теңізден деңгейінен 100 мың метр жоғарыдағы ұшақтан айналып тұрған сандықшаның тесігіне тиынды дәл атумен бірдей" дейді жоба жетекшісі Уан Жианю.

Қытай 2030 жылға дейін квантты байланыс спутнигімен «әлемдік байланыс жүйесін» орнатқысы келеді.

XS
SM
MD
LG